Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінде құрылған "Жақсылық жолы" еріктілер тобы болып, жалғызбасты әжейге тұрмыстық көмек көрсету мақсатында арнайы барып қайтты. Әжейдің үйінде ауласын ретке келтіріп, күнделікті тұрмысқа қажетті шаруаларына көмектесті.Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қарт кісілерге қолдау көрсету, оларға жылулық пен қамқорлық сыйлау болды. Әжей өз ризашылығын білдіріп, батасын берді. Осындай игі істер арқылы біз үлкенге құрмет көрсетіп, қоғамға пайдалы болуға тырысамыз. Жақсылық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Кішкентай ғана көмектің өзі біреудің өміріне жылу сыйлап, көңілін көтеруі мүмкін.
Жақсылық жасау – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі
- Қаралды: 21
РУС
ҚАЗ