Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақбейіт ауылы, М.Алімұлы көшесі, 1-3 үй
8 (7277) 92-63-58
8 (7277) 92-61-01
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
БІЛІМ ОРДАСЫ
"Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі" МКҚК
AA+

Педагогтерді атестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына енгізілген өзгерістерге байланысты колледж әдіскері Абдрахова Айгүл Кутпанқызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы Nº32 бұйрығы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шаттары аясында оқытушыларға түсіндірме жұмысын жүргізіп, 2026 жылы педагогтерді аттестаттау рәсімін енгізу бойынша нұсқаулықпен таныстыру мақсатында әдістемелік отырыс өткізілді. Оқытушылар тарапынан болған сұрақтар ортаға салынып, талқыланды.

@bolekbaeva.akbota 

@almatyoblbilim 

@raiymbekbilim 

#талап


«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» бағыты бойынша ауылшаруашылық саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру» атты тақырыбында Қоғабеков Берікжан және Абдакимова Айжан қазан айының 20 - 31 аралығында Талап КЕАҚ біліктілігін оқып келіп, алған білімдерімен бөлісіп,колледж оқытушыларына сүйемелдеу өтті.

Мақсаты: «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи ауылшаруашылық техникаларын оқытуда тиімді әдістер мен тәжірибелерді меңгерту, сондай-ақ еңбек нарығының сұранысына сай білім беру мазмұнын жетілдіруге ықпал ету.

@bolekbaeva.akbota 

@raiymbekbilim 

@bilim_baskarmasi 

#типо 

#талап


«Мамандық бейінін ескере отырып, модуль, пән бойынша ТжКББ педагогтерінің білім беру процесін жобалаудың заманауи құралдары» педагогтерінің біліктілігін арттыру атты тақырыпта Айтақын Әділет, Ермекқызы Зарина 29 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Талап КЕАҚ біліктілігін оқып келіп,колледж оқытушыларына сүйемелдеу өтті.

Мақсаты: ТжКББ педагогтерінің мамандық бейінін ескере отырып, модульдер мен пәндер бойынша білім беру процесін заманауи педагогикалық құралдар арқылы тиімді жобалау құзыреттілігін арттыру.

@bolekbaeva.akbota 

@raiymbekbilim 

@bilim_baskarmasi 

#типо 

#талап


28.10 - 07.11.2025 аралығында "Білім берудегі менеджмент: колледж басшының орынбасарлары үшін бизнес - тәсілдер және процестерді басқару" тақырыбында директордың оқу - өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Қасабеков Даурен Айболатұлы мен директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары Сүйеніш Дана Сүйенішқызы курстан өтіп келді.

18.12.2025 жылы аталған тақырып бойынша курстан кейінгі сүйемелдеу семинарын өткізді. 

Мақсаты:

Колледждегі білім беру үдерісін тиімді басқаруды жетілдіру мақсатында курста меңгерілген бизнес - тәсілдер мен процестерді басқару құралдарын практикада қолдану жолдарын түсіндіру, басқарушылық құзыреттерді арттыру және оқу - өндірістік пен оқу үдерістерін оңтайландыруға бағытталған тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету.

@almobl_godrp_tipo 

@bolekbaeva.akbota


«Электрмен қамтамасыз ету саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберлігін дамыту» атты тақырыпта 26.05 - 13.06 ж аралығында Талап КЕАҚ ұйымдастыруымен біліктілігін арттыру курсын оқып келіп, колледж оқытушыларына сүйемелдеу өтті.

Мақсаты: Өндірістік оқу шеберлерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Бағдарламалау негізінде электр жабдықтарын басқару алгоритмін құру.

@bolekbaeva.akbota 

@raiymbekbilim 

@bilim_baskarmasi 

#типо 

#талап


"Электромобильдер - заманауи технология және кәсіби білім берудегі маңызы" атты тақырыпта Нұрым Әлібек Дамирұлы мен Қабылбеков Ернар Асхатұлы колледж оқытушыларына сүйемелдеу сабағын өтті.

Мақсаты: Кәсіптік - техникалық колледж мұғалімдерінің электромобиль технологиялары туралы білімін кеңейту, автокөлік саласындағы заманауи өзгерістермен таныстыру және бұл технологияларды оқу - өндірістік процеске енгізу жолдарын талқылау.

@bolekbaeva.akbota 

@raiymbekbilim 

@bilim_baskarmasi 

#типо 

#талап


“Білім беру инновация жағдайындағы колледж әдіскері кәсіби құзыреттілігі” атты тақырыпта Абдрахова Айгүл Қутпанқызы 20-31 қазан аралығында Талап КЕАҚ біліктілігін оқып келіп, колледж оқытушыларына сүйемелдеу өтті.

Мақсаты: Инновациялық білім беру жағдайында колледж әдіскерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, педагогтардың кәсіби өсімі мен сапалы білім беру үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған әдістемелік қолдауды тиімді ұйымдастыру.

@bolekbaeva.akbota

@raiymbekbilim

@almatyoblbilim

#типо

#талап


Атауы Жүктеу
1 Топтар бойынша білім алушылардын жылдык мониторингісі 2023 - 2024 оқу жылы