Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған "Тарихқа айналған тұлғалар" атты мәдени-көпшілік шара өткізілді.Тағылымы мол кештің басты мақсаты – ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ардақты азаматтардың еңбегін ұлықтап, кейінгі жас ұрпаққа өнеге ету болды.
Шара барысында аудан тарихынан сыр шертіліп, ел дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың өмір жолы мен еңбектері кеңінен насихатталды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар туған жер тарихын дәріптеп, елге деген сүйіспеншілікті арттыра түсетіні сөзсіз.
РУС
ҚАЗ