Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақбейіт ауылы, М.Алімұлы көшесі, 1-3 үй
8 (7277) 92-63-58
8 (7277) 92-61-01
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
БІЛІМ ОРДАСЫ
"Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі" МКҚК
AA+

• Бүгін арнайы пән бойынша «Сымдар мен кабельдер» тақырыбында Есімбеков Ерсұлтан ашық сабақ өткізді. Білім алушыларға сымдар мен кабельдердің түрлерін, құрылысын, қолданылу аймағын және техникалық ерекшеліктерін түсіндірді.

• Сабақ барысында электр сымдарының негізгі түрлері, олардың өткізгіш материалдары (мыс, алюминий), оқшаулау қабаттары және қауіпсіздік талаптары қарастырылды. Сонымен қатар, кабельдердің құрылымы мен айырмашылықтары түсіндіріліп, тұрмыста және өндірісте қолданылу салалары талданды.

• Оқушыларға практикалық тапсырмалар беріліп, сым түрлерін ажырату, таңбалануын оқу және қолдану ережелерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Сабақта көрнекі құралдар, слайдтар және үлгі материалдар пайдаланылды.

• Білім алушылар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Сабақ соңында тақырып бойынша қорытынды жасалып, кері байланыс алынды.

@bolekbaeva.akbota 

@raiymbekbilim 

@bilim_baskarmasi 

#ашықсабақ

#арнайыпәндерапталығы

#колледж