Шаңырақ күні - бірлік пен берекенің, отбасы жылуының мерекесі. Шаңырақ - қазақ үшін тек үйдің төбесі ғана емес, ол - ұрпақ сабақтастығының, татулық пен мейірімнің нышаны.
Шаңырақ күніне орай Сарыжаз кәсіптік - техникалық колледжінің директоры Болекбаева Ақбота Абиырқызы және колледж әкімшілік мүшелері Сарыжаз ауылының тұрғыны,ел ағасы Мұқи Жантелі және Кеген ауылының тұрғыны,аудан дамуына өз үлесін қосып келе жатқан парасат иесі Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы ағамыздың шаңырақтарына арнайы барып,ізгі тілектерін арнап,мерекемен құттықтап қайтты.
Еліне елеулі,халқына қалаулы азаматтарымыздың ақ батасын алып, өнегелі әңгімесін тыңдау - біз үшін үлкен мәртебе. Осындай тағылымды кездесулер ұрпақ сабақтастығын жалғап, бірлік пен сыйластықты нығайта түседі. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз!
Бұл игі шара отбасы құндылықтарын дәріптеп,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету дәстүрін нығайту бағытталады.
@bolekbaeva.akbota
@raiymbek_audany_akimdigi
@kegen_audany_akimdigi
@raiymbekbilim
@almobl_tipo
РУС
ҚАЗ