Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақбейіт ауылы, М.Алімұлы көшесі, 1-3 үй
8 (7277) 92-63-58
8 (7277) 92-61-01
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
БІЛІМ ОРДАСЫ
"Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі" МКҚК
AA+
2026 жылғы 21 мамыр күні Алматы облысы еңбек мобильділігі орталығы КММ-нің Райымбек ауданы бойынша мансап орталығы филиалының ұйымдастыруымен және Райымбек аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен "Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі" базасында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – аудан тұрғындарын, әсіресе жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, бос жұмыс орындары туралы кеңінен ақпарат беру және жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату болды.
Жәрмеңке барысында әртүрлі мекеме мен кәсіпорын өкілдері өз ұйымдарындағы бос жұмыс орындарын ұсынып, еңбек шарттары, жалақы көлемі және жұмыс талаптары жөнінде толық мәлімет берді.
Сонымен қатар, мансап орталығының мамандары мемлекеттік бағдарламалар, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, алғашқы жұмыс орны және кәсіптік оқыту бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шараға қатысқан жастар мен жұмыссыз азаматтар өздерін қызықтырған жұмыс орындары бойынша жұмыс берушілермен сұхбаттасып, түйіндемелерін тапсырып, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.