Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақбейіт ауылы, М.Алімұлы көшесі, 1-3 үй
8 (7277) 92-63-58
8 (7277) 92-61-01
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
БІЛІМ ОРДАСЫ
"Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі" МКҚК
AA+

2026 жылғы 13 наурыз күні техникалық мамандықтар (автокөліктерге қызмет көрсету, слесарь, токарь және т.б.) бойынша Алматы облысы колледждерінің қатысуымен «Лукойл» зауытымен өзара ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Аталған іс - шараға Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы, сондай - ақ Алматы облысы білім басқармасының Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және күрделі жөндеу бөлімінің басшысы Дюсентаева Кенжегуль Мукашевна және Сарыжаз кәсіптік - техникалық колледжінің директоры Болекбаева Ақбота Абириовна қатысты.

Кездесу барысында «Лукойл» зауытының директоры Трушков Алексей Алексеевич техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен әріптестікті дамыту, өндіріс пен білім беру арасындағы байланысты нығайту және студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне жағдай жасау мәселелеріне тоқталды.

Меморандум аясында білім беру ұйымдары мен өндіріс арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастыру және еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлау бағытында бірлескен жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

Бұл келісім Сарыжаз кәсіптік - техникалық колледжі  мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, болашақ мамандардың кәсіби тәжірибе жинақтауына және еңбек нарығына бейімделуіне мүмкіндік береді.

@bolekbaeva.akbota 

@gannur 

@raiymbek_audany_akimdigi 

@kegen_audany_akimdigi 

@bilim_baskarmasi 

@raiymbekbilim 

#меморандум

#техникалықбілім

#колледж