Көктемнің шуақты күндерінің бірінде табиғатқа жанашырлық пен болашаққа деген сенім ұштасқан ерекше игі шара өтті — 2000 ағаш егу акциясы. Бұл тек қарапайым еңбек емес, бұл – туған жерге деген махаббаттың, жас ұрпақтың жауапкершілігінің айқын көрінісі еді. Осы игі бастамадан біздің колледждің орман шаруашылығы мамандығында білім алып жүрген білім алушылары да шет қалмады. Қолдарына күрек ұстап, жүректеріне үміт ұялатқан олар әрбір көшетті жерге отырғызғанда, болашаққа бір тал сенім екті. Әрбір отырғызылған ағаш – ертеңгі күннің саясы, таза ауаның кепілі, табиғаттың жаңарған тынысы.
Көктемнің шуақты күндерінің бірінде табиғатқа
- Қаралды: 20
РУС
ҚАЗ