Алғашқы әскери дайындық пәнінен Асқарбек Айбек ағай "Автомат калашников макетін жартылай бөлшектеу және құрау"тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушыларға калашников автоматының құрылысы мен қызметін таныстыру, сондай-ақ оны дұрыс жинау және шашу тәртібін үйрету болды.
Сабақ барысында Асқарбек Айбек ағай автоматтың негізгі бөлшектерін таныстырып, олардың атқаратын қызметін түсіндірді. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылып, қарумен жұмыс істеу кезінде сақталуы тиіс талаптар түсіндірілді. Оқытушы автоматты жинау және шашу тәсілдерін кезең-кезеңімен көрсетіп, білім алушыларға тәжірибе жүзінде орындауға мүмкіндік берді.
Ашық сабақтың нәтижесінде білім алушылардың әскери дайындыққа деген қызығушылығы артып, олардың практикалық дағдылары қалыптасты. Мұндай сабақтар білім алушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтып, жауапкершілік пен тәртіпке баулиды.
РУС
ҚАЗ