4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің басты белгілері. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны халқымыздың бірлігі мен ұлттық мақтанышын білдіреді. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері ресми түрде бекітілді. Сондықтан бұл күн жыл сайын Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді.
Көк Туымыз – бейбітшілік пен ашық аспанның белгісі, Елтаңбамыз – ел тарихы мен мәдениетінің көрінісі, ал Әнұранымыз – Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының парызы.
Тәуелсіз еліміздің рәміздері әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанның мәртебесін асқақтата берсін!
РУС
ҚАЗ