Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақбейіт ауылы, М.Алімұлы көшесі, 1-3 үй
8 (7277) 92-63-58
8 (7277) 92-61-01
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі - бұл студент кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын!
БІЛІМ ОРДАСЫ
"Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі" МКҚК
AA+

2026 жылы 16-сәуірде Алматы облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан мен Қытай арасындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында тәжірибе алмасу, жаңа жобаларды талқылау және болашақтағы серіктестікті нығайтуға бағытталған әріптестік кездесу өтті. Кездесуге Халықаралық білім беру, ғылым және мәдениет орталығы директорының орынбасары - Хан Минцзе; Халықаралық білім беру, ғылым және мәдениет орталығы директоры орынбасарының көмекшісі - Әйгерім Сансызбай; Сыртқы байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі кеңесші-Әбдікәрім Әсем Мұқанқызы келді. Онлайн форматта Чжуан Сяохун (Zhuang Xiaohong) Далянь технологиялық университетінің халықаралық баспа бөлімі директорының орынбасары; Лю Ифань (Liu Yifan) Далянь технологиялық университетінің Халықаралық Баспа бөлімінің жоба жетекшісі; Чжао Цзятун (Zhao Jiatong) Далянь технологиялық университетінің Халықаралық Баспа бөлімінің жоба жетекшісі қосылып, жобаларын таныстырды. 
 Қытай Халық Республикасының білім Министрлігіне қарасты «Халықаралық білім, ғылым және мәдениет» орталығымен ынтымақтастық орнату жұмыстары бойынша Сарыжаз кәсіптік- техникалық колледжі ынтымақтастық Меморондумына қол қойды. 
Бұл өте маңызды қадам! Қытайдың «Халықаралық білім, ғылым және мәдениет» орталығымен (CIE) орнатылған байланыс қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бұл ынтымақтастық аясында колледждер үшін мынадай артықшылықтар күтіледі:
• Тәжірибе алмасу: Студенттер мен оқытушылардың Қытайдың алдыңғы қатарлы оқу орындарында тағылымдамадан өтуі.
• Инновациялық бағдарламалар: Технологиялық мамандықтар бойынша заманауи оқыту әдістемелерін енгізу.
• Гранттар мен стипендиялар: Дарынды жастардың шетелде білім алуына қолдау көрсету.
• Материалдық-техникалық база: Бірлескен зертханалар мен шеберханалар ашу мүмкіндігі.
Бұл серіктестік еліміздегі кәсіптік білім сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге үлкен серпін береді.